Елімізде балалар үйінің саны азайды

362
фото 24.kz

Санаулы жылда төрт жарым мыңға жуық бүлдіршін биологиялық отбасына қайтарылған. Нәтижесінде елімізде 25 балалар үйі жабылды. Бұл жайында бүгін отбасы құндылығы тақырыбында өткен жиында мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Тағы бір жаңалық – ана мен бала өлімі азайған. Сөзіміз дәйекті болсын. Былтыр ана өлімі бір жарым, нәресте өлімі жеті пайызға азайған. Қайта сәбилер саны өсіп келеді. Биылғы жартыжылдықтың өзінде қазақ жерінде 192 мыңнан аса нәресте дүние есігін ашқан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен үш жарым мың балаға көп.