«Оскар» киножүлдесіне 2018 жылы кино ұсынатын қазақстандық комиссия мүшесі Сатыбалды Нарымбетов Қазақстан атынан «Ең үздік шетелдік фильм» аталымында бақ сынауы мүмкін картиналарды атады. Шешімді комиссия бес фильмді көріп болған соң, жабық дауыс беру арқылы анықтайды.
2018 жылы Әділхан Ержановтың — «Әлемнің мейірімді бейжайлығы», Сәбит Құрманбековтың — «Оралман», Болат Қалымбетовтың — «Талан», америкалық режиссер Джефф Веспаның — «Әміре», Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмдері ұсынылды.
Дауыс берудің қорытындысы қазан айының басында белгілі болады.
Ақпарат көзі: Sputnik және Today.kz