Шымкент қалалық прокуратурасы әрекетсіздік танытқан сот орындаушыларды анықтады

363

Шымкентте сот орындаушылардың өздері 4 млн- ға жуық теңге қарызданып қалған. Дәл осындай 8 дерек әшкереленді. Борышкерлердің 82 автокөлігі арнайы автотұраққа қамалды. Онымен қоймай, сот орындаушылар 8,8 млн. теңге қарызы бар 15 борышкерге мәжбүрлеу шарасын қолданбай, әрекетсіздік танытқан.

18 млн. теңге қарызы бар жүз борышкер сот орындаушылардың салғырттығынан шекара асуға шектеу қойылмаған. Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Шымкент қаласы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде, мемлекет алдындағы сот және басқада борыштық міндеттемелерді өндіру кезінде сот орындаушылардың «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының талаптарын орындамаудың бірнеше деректері анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша Шымкент қаласының Әділет департаментіне 8 сот орындаушыға тәртіптік жаза тағайындау оның ішінде мемлекеттік қызмет абыройына нұқсан келтірген және 30 сот орындаушыны лицензиясынан айыру туралы ұсыныс енгізілді»-дейді қала прокутурасының баспасөз қызметі.