Шардара қаласының іргесіндегі қоқыс алаңы қалаға еншілеп кіреді.

Шарадара қаласындағы қоқыс алаңы

Тұрмыстық қалдықтар, пластикалық ыдыстар мен полиэтилен қалташалары қоршаған ортаға зиянды. Шағынауданның тұрғындары бұл ретсіздікті әкімге талай айтқан. Мұндай көрініс шалғайдағы Шардараға келетін инвесторлар мен туристерге ұнамайтыны анық.

«Ең сорақысы қоқыс таситын көліктер алаңның өзіне емес, жол бойына тастап кетеді. Жылы күндері жағымсыз иістен көшіп кеткің келеді» дейді тұрғындар.

Дәл осындай жағдай былтыр Асықата ауылында да орын алған болатын. Мақтараал ауданында іс сапармен болған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев жергілікті атқамінерлерге қоқыс алаңын өзге аумаққа көшіру жөнінде тапсырма беріп, оң шешімін тапқан еді. Бір айда қоқыс алаңы көшіріліп, орны тазартылған болатын. Осында күн шардаралықтарға да туса игі.

Шынар Оразова