Мегаполис мәртебесін иеленіп, мерейі асқақтаған Шымқала алдағы уақытта көптеген жаңалықтардың жаршысы болмақ. Биыл күнгейдің орталығы адам танымастай өзгереді деген жоспар бар.
Расымен де жыл жаңалығымен басталып отыр. Жаңа жылдың басты айы — қаңтарда қаламызда «Рухани жаңғыру» орталығы ашылмақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Әл-Фараби ауданы әкімінің есептік жиынында айтты.
Қайрат Ырзақұлұлының айтуынша, «Рухани жаңғыру» орталығы қаңтар айының соңында ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда жоспар құрылып, әзірленуде.