«Алғыс айту күні» көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мерекелік дастарханнан сыбаға үлестірумен бастауын алды.
1-ші Наурыз — Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа сипаттағы әрі жаңа мазмұнда өткізілетін мерекелік шараларды бекітті. 22-ші ақпанда «Қайырымдылық акциясынан» бастауын алатын шара 22-ші ақпанда «Тазалық», 24- ақпанаға — «Көршіге ізет», ақпанның 25-не «Ұстазға құрмет», 26-на-«Тарихқа тағзым», 27-ші ақпанда «Ықылас күні», 28 ақпан «Ұрпақтар сабақтастығы» күнімен жалғасып, 1-наурызда Алғыс айту күнімен қорытындыланады.
Қаладағы этно-мәдени орталықтардың басшылары бүгін іс — шара аясында қазақ халқының салт — дәстүрін жаңғыртып, ардагерлерге, көпбалалы аналар мен жас отбасыларға сыбаға тарту етті.
Шынар Оразова