Көркем гимнастикадан Грацио кап турнирінде Шымкент арулары тағы да жүлдегерлер қатарын толықтырды. Будапешттегі халықаралық жарыста 4 бірдей шымкенттік бұрымды тұғырға көтерілді.
Атап айтсақ, Жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Роза Абитова ересектер арасында бір күміс және қос қоланы қанжығаласа, Даяна Әбдірбекова үздік үштікті түйіндеді. Ал, жастар арасында Эльжана Таниева күміс пен қолаға қол жеткізіп, Айдана Шаяхметова алтыннан алқа тақты.
Назерке Үкібасова