Шымкенттік гимнасшы әлемдік аренада тәжірибе жинақтауда

325
Сабинаның соңынан өзге де жерлестеріміз өсіп келеді

Сабина Әшірбаева – облыс үміті. Көркем гимнастикадан Оңтүстікте жастар арасында топты жарып жүрген жалғыз жерлесіміз. Халықаралық аренаға шығып, Әлем кубогі үшін таласта шеберлігін шыңдаған да осы Сабина.

Сабина Әлем Кубогі үшін таласқа қатысатын жалғыз спортшы
Сабина – Әлем кубогі үшін таласқа қатысатын жалғыз спортшы

Бастапқыда Әлия Юсупова бапкерлік етсе, бұл күндері Мәскеуде дайындалуда. Шымкенттік гимнасшыны ресейлік Наталья Гарбулина жаттықтыруда. Бұл маманның шәкірттері кезінде Олимпиада шыңына көтеріле білген. Сабинаның да арманы сол.

Сабинаның бағдарламасын Әлия Юсупованың өзі дайындайды
Сабинаның бағдарламасын Әлия Юсупованың өзі дайындайды

Сабина доппен де, ілмекпен де, таспамен де шеберлік танытуы тиіс. Сол себепті демалыс күндерін де ол спорт залда жаттығумен өткізеді. Тамыздың жетісі күні Болгарияда Әлем кубогінің тағы бір кезеңі өтеді. Содан кейін жерлесіміз Қазанға барып, Азия ойындарына дайындығын сынға салады.

Сабинаны бапкерлер Олимпиада ойындарына дайындауда
Сабинаны бапкерлер Олимпиада ойындарына дайындауда

Он бес жасар жерлесіміз үшін биылғы маусым жарыстарға толы болды. Үш рет әлемдік аренада тәжірибе жинақтап, Италияда өткен жарыста алғашқы үздік жиырма гимнасшының арасынан көрінді. Жас өркеннің ендігі мақсаты – осы көрсеткішін жақсарту.

Ресейлік маманның сабағын алып жүрген Сабина өз жас ерекшелігінде Республика бойынша №1 гимнасшы
Ресейлік маманның сабағын алып жүрген Сабина өз жас ерекшелігінде Қазақстан бойынша №1 гимнасшы
Қалалық гимнастика мектебінің ең кішкентай спортшылары келесі маусымға дайындалуда
Қалалық гимнастика мектебінің ең кішкентай спортшылары келесі маусымға дайындалуда
Сабинаның соңынан өзге де жерлестеріміз өсіп келеді
Сабинаның соңынан өзге де жерлестеріміз өсіп келеді