«Олимпиада үміті» Шымкентте

253
Отандастарымыз алдағы Олимпиадаға дайындық жасауда
Отандастарымыз алдағы Олимпиадаға дайындық жасауда

«Олимпиада үміті» деп аталатын Республикалық сынаққа оннан-он бес жасқа дейінгі жеткіншектер қатысуға мүмкіндік алған. Олардың арасында ел чемпиондары да бар, халықаралық аренаға шыға білгендері де кездеседі. Жарыстың екінші күні көпсайыстан чемпиондар анықталды. Күні бойы облыстық гимнастика мектебінің залында ептілік танытып, жөндеуден өткен құралдармен де танысып қайтты.

Жарыс ертең де жалғасын табады. Ал жуырда ғана Азия чемпионатынан оралған шымкенттің мақтанышы Максим Петришко бұл жарыста қазылар алқасынан орнын тауыпты. Жеткіншектерге әлі тынбай еңбектену қажет дейді чемпион.

Максим Петришко, халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Ең бастысы тынбай еңбектену қажет. Әрине, қателіктер жоқ емес. Ендігі мақсат олармен жұмыс жасау».

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=I1cNba89cpo[/youtube]