Қазақстандық гимнастшы Әлем кубогында үздік бестікке енді

536

Немістің Котбус қаласында өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аясында қазақстандық Милад Карими үздік бестік қатарына енді, деп elitar.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық спортшы тірек секіруден сәтті нәтиже көрсетті. Финалға Карими сегізінші нәтижемен жетіп, ақтық сында спортшы өз көрсеткішін жақсартты. Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық гимнастшы 5-орынды иеленді.

Айта кетейік, аталмыш жарыс 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік берген спорттық гимнастика әлеміндегі бірінші лицензиялық турнир болып табылады. Котбуста Қазақстанның атынан Милад Карими мен Нариман Құрбанов қатысты. Құрбанов ат үстінде өнер көрсетті, бірақ финалға шыға алмады.