Ең жас гимнасшылары сынға түсті

296
Жүзге тарта гимнасшы ептілерді анықтауда
Жүзге тарта гимнасшы ептілерді анықтауда

Бүгін спорттық гимнастикадан халықаралық турнир басталды. Жүзге тарта спортшы үш күн бойында өзара чемпиондарын анықтамақ. Осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан дода Айғали Әлімқұловты еске алуға арналып отыр.

Жарысқа келген жеткіншектердің алдында жалғыз мақсат. Бәсеке барысында бапкерлердің көзіне түсіп, жүлделі болу. Алайда үлкен спортқа енді ғана қадам басқан бұл гимнасшыларға қатесіз жаттығуды орындап шығу қиындау. Дегенмен талпыныс бар көрінеді.

Жарыс үш күнге жалғасады. Бапкерлер қорытындылай келіп, алдағы халықаралық додаға гимнасшыларды іріктеп алады.

Витя Олимпиада чемпионы болатынына сенімді
Витя Олимпиада чемпионы болатынына сенімді

Виталий Гайсин, спортшы: «Мен анама уәде беремін. Спорттың бұл түрін тастап кетпей, чемпион боламын».

Тимур Абдуллин, жарыстың төрешісі: «Өзбекстандықтар келді. Алматы мен Астанадан келуі тиіс еді. Алайда қаржылай қиындықтарға байланысты келе алмапты. Бұл жарыс жасөспірімдер арасында мамыр айындағы емтихан алдында дайындық деуге болады».

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YelNeB-J5Us[/youtube]