Шымкенттік жас ана сауда орталығында босанып қалды

145

Бүгін Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінде сағат 10:0-де әйелдер дәретханасында келушілердің бірі босанып қалды.

Сауда орталығындағы дәріханалардың біріне дәрі алмаққа кірген 23 жастағы Әйгерім есімді келіншектің толғағы басталған. Өзін жайсыз сезінген жас ана дәретханаға асыққан. Жедел жәрдемді шақырғанмен олар жедел жетіп үлгермеді. Санаулы минуттардан кейін дүниеге шыр етіп қыз бала келді. Ал жас ананы күзет қызметкері Ботакөз Алихан босандырып алған. Жас сәбиді Айша деп атапты.

Қазір Айша Қамбар мен оның анасы дәрігерлердің бақылауына алынды. Облыстық перинатальдық орталығында жатыр. Сауда-ойын сауық орталығының әкімшілігі балаға бір жылға жететін жөргек пен балалар қоларбасын сыйлауға шешім қабылдапты.