Қарасора егемін деп сорлап қалды

734

Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмысты болдырмау жедел-алдын алу іс-шарасы барысында, ТО Полиция департаментінің полицейлері Келес ауданы ауылдарының бірінен қарасора егушілік жайтын анықтады.

Ағымдағы жылдың наурызында ТО ПД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Келес АПБ-мен бірлесе отырып, үйінде заңсыз қарасора егетін жергілікті тұрғынды ұстады. Заттай айғақ ретінде полицейлер заңсыз өсірілген есірткі құрамды өсіндінің 7 бұтағын тәркіледі. Сараптауға сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 1 кг-нан асатын көкнәр бұтағы болып табылды.

Болған жайт ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТБТ тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастарға есірткі қолданудың зияндылығына бағытталған ақпараттарды бере отырып, есірткіге қарсы алдын алу мақсатында тұрғындар арасында тұрақты түрде әртүрлі алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Полицейлер білім, денсаулық сақтау саласының өкілдерімен бірлесе отырып, әртүрлі акцияларға қатысу, ашық сабақтар жүргізу арқылы, есірткі заттарын қолданудың зиянды салдары туралы және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын шараларды қабылдайды.

ТО ПД-нің Баспасөз қызметі