Úı ANONS Келес ауданында блогер ұсталды

Келес ауданында блогер ұсталды

фото ТОПД
Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша қаражатын бопсалауға күдікті 32 жастағы әйел блогерді ұстады.
Алдын ала мәліметтер бойынша күдікті өзін қоғамдық белсенді ретінде көрсетіп, Келес ауданының медициналық мекемесінің басшысынан әлеуметтік желілерде беделін түсіретін сипаттағы материалдарды таратпағаны үшін миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы талап еткен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.