Келес өзеніне абайсызда ағып кеткен 8 жастағы Жаннұрды құтқарушылар іздеуді тоқтатты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Баланы іздеуге бір айдан астам уақыт жұмсалған. Іздеуге арнайы құтқарушылар келгенімен, нәтиже болмады. Ресми мәлімет бойынша, мамандар көрсетілген аумақты толық сүзіп шыққан. Жұмыс тәулік бойы жүргізілген. Әрбір аумақ мұқият тексерілген.
Жаннұрды іздеуге облыспен бірге Шымкент қаласының және республиканың құтқарушылары тартылған еді. Еріктілер де оқиға басына барған. Белсенді іздеу жиырма күнге созылған. Айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан бері 8 бала суға құлап кеткен. Жаннұрдан бөлек құтқарушылар Сайрам ауданында бір жарым жасар қызды да іздеген еді. Құтқарушылар сәбидің денесін оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден тапқан болатын.
Дилара Иса






