Боксшы Роман Дияр Болгарияда ел намысын қорғайды

370

Наурыз айының 31-і мен сәуір айының 7 -сі күндері аралығында Болгария елінің Ботевград қаласында бокстан Халықаралық турнир өтпек. Аталған байрақты бәсекеге еліміздің намысын қорғамаққа жерлесіміз Қазақстан Республикасы құрама сапынан Роман Дияр аттанады.

Қазіргі таңда Алматы қаласында оқу – жаттығу жиынын тыңғылықты өткізіп жатқан Дияр Қазақстан Бокс құрамасымен дайындалуда.

Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ нің спортшысы Роман Дияр жеке бапкері Нұрлан Ваисовпен 31 наурыз күні Болгар еліне аттанбақ. Ел намысын қорғауға аттанғалы отырған жерлесімізге ақ жол дей келе, еліміздің көк байрағын көкке көтеріп,жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз!