Түркістанда тұрғын үй кезегінде тұрған 512 отбасы жаңа пәтер кілтіне ие болды. Соның нәтижесінде 3 мыңнан астам тұрғын қоныс тойын тойлап, баспаналы болды. Жаңа үйлер «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен берілді. Баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы және әлеуметтік осал топ өкілдері бар. Тұрғындарға пәтер кілтін облыс әкімі Нұралхан Көшеров табыстады.
Бүгін Түркістанда тұрғын үй кезегінде тұрған 512 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды. Нәтижесінде 3 мыңнан астам тұрғын қоныс тойын тойлап, өз баспанасына қол жеткізді.
Тұрғындарға пәтер кілтін облыс әкімі Нұралхан Көшеров табыстады. Олардың қуанышымен бөлісіп, тілегін айтып, өтінішін жеткізді.
Мемлекеттен тегін баспана алғандардың бірі – көпбалалы ана Сәрсенкүл Досанова. Ол 9 жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрған. Бүгінде 3 бөлмелі пәтерге ие болған тұрғын қуанышын жасыра алмады. Пәтерлер Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен берілді. Баспаналы болғандардың қатарында әлеуметтік осал топ өкілдері мен көпбалалы отбасылар бар.
Өткен жылы облыста 3564 азаматқа тұрғын үй берілген. Айта кетейік, тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алу, кезектілікті жүргізу және тұрғын үйлерді бөлу жұмыстары «Отбасы банкке» жүктелген.
Дилара Иса






