Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті ХVІІІ Съезінде берген тапсырмаларын талдау бойынша облыстық партия активінің жиыны өтуде. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Елбасының тапсырмасын орындауда көпшілікті біріге жұмыс жасауға шақырды.
«Елдің әлеуетін арттыру үшін мемлекет көптеген механизмдерді ойластырып келеді. Ал біз өз тарапымыздан үй — үйлерді аралап, жағдайы төмен отбасылардың тізімін жасаймыз. Көп балалы отбасылардың үйлі болуы үшін де тізім жасап сол арқылы жұмыстар атқарамыз. Жәрдемақы деген уақытша нәрсе. Аталған отбасылардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау қажет» деді.
Ардақ Берден