Шымкентте жылыту маусымы аяқталды

304

Екі күн бұрын «Қуатжылу орталығы 3» мекемесі орталықтандырылған қазандықтан жылытылатын үйлерге жылу беруді тоқтатты. Сала мамандарының айтуынша биыл 1800 – ден астам көпқабатты тұрғын үй, 300 бюджетік мекеме мен 100 – ге тарта заңды тұлғалардың нысандары жылытылған.

Енді “Қуатжылу орталығы 3» МКК жұмысшылары алдағы жылыту маусымына дайындықа кірісіп кеткен. Биылғы жылы 40 шақырым жылу жүйелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған бюджетен 2 млярд тенге қаражат қаралған.

Бұдан бөлек, қаланың 6 жерінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның жобалық-сметалық құжаты дайындалыпты. Жалпы Шымкент қаласында 400 шақырым жылу жүйесі болса бүгінгі таңда соның 60 пайызы жаңартылған.

Нұрлан Күдерұлы