Таэквондо тарландары сайысқа түсті

338

Таэквандодан Шымкентте 2 бірдей жарыс болып өтті. Бірінде ел жасөспірімдері өзара мықтыны анықтаса, екіншісі Азияның ашық кубогы. Қазақстан чемпионатында 11 және 13 жастағы кадеттер тартысқа түсті. Ал, сары құрлықтық сайыста 6 жастан 17 жасқа дейінгі спортшылар өнер көрсетті.

Валерий Кагай, таэквандодан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері: «Бұл жарыстар Шымкентте жыл сайын өткізіліп келеді. Дәстүрлі бәсеке көктемгі демалысқа арнайы ұйымдастырылды. Әдеттегідей мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен өте көп қатысушы жиналды. Сондай-ақ, алыс жақын елдерден достарымыз да келді».

Айта кетейік, халықаралық жарысқа 4 елдің өрендері келген. Атап айтсақ, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстан спортшылары. Солардың бірі — Рахим Кусритдинов. Аталмыш жарысқа осымен 5 — рет қатысып отырған Татарстан тарланы биыл да жеңіске жетуді көздейді. Осыған дейін 5 алтын олжалаған жас спортшы қарсыластарының барлығы мықты екенін айтады.

Рахим Кусритдино, жарыс қатысушысы: «Қазақстан Республикасына осындай жарыстар ұйымдастырып, өткізіп жатқандары үшін алғысымды білдіремін. Бізге мұндай жарыстар үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Тәжірибе жинау арқылы біз шыңдаламыз. Мұндағы төрешілер де әділ баға береді. Сондықтан да жыл сайын үзібей қатысып келемін».

600-ге жуық жас спортшыны жинаған жарыс жыл сайын Шымкент қаласында ұйымдастырылып келеді. Топ жарған жеңімпаздарды алда Азия біріншілігі күтетін болады.

Сарбиназ Алдабергенова