Маңғыстау театры шымкенттік көрермендерге 4 қойылым ұсынбақ

240

Шымкентке Қарт Каспийдің бойындағы маңғаз қала Маңғыстаудың театры гастролдік сапармен келді. Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының әртістері қала тұрғындарымен қонақтарының назарына 4 бірдей қойылым ұсынбақ.

Шымкенттіктер өнер ұжымының үздік спектакльдерін тамашалай алады. Жас шығармашылық ұжым әрбір қойылымды өз ерекшеліктеріне сай жаңа нұсқада ұсынатындарын айтады. Шығармашылық сапардың шымылдығы кеше Әбіш Кекілбаевтың шығармасының желісімен қойылған «Шыңырау» қойылымымен ашылды.

Тоқтамұрат Тілеуұлы, Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры директорының орынбасары: «Бұл біздің Шымкентке алғаш келуіміз емес. Бес жыл бұрын келгенбіз. Сол кезде Шырайлы Шымқаланың ыстық ықыласына бөленіп кеткенбіз. Біз Шымкенттің қонақжайлығын жақсы көреміз. Халық көп, күш көп. Сондықтан келіңіздер, тамашалаңыздар!».

Жанерке Хумар