Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаеваны, Маминді және Мәмиді қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваны, Премьер-Министр Асқар Маминді, Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады», — делінген хабарламада.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.