Украинада президенттік сайлаудың бірінші турының қорытындысы шықты

238

Украина Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың бірінші турында дауыс берудің түпкілікті нәтижелерін жариялады. Президенттік сайлаудың көш басынан табылған шоумен, партияның көшбасшысы Владимир Зеленцкий – 30,24 пайыз дауысқа ие болған.

Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенкоға сайлаушылар 15,95 пайыз дауыс берді.

«Батькивщина» партиясының үшінші лидері Юлия Тимошенко 13,4 пайыз дауысқа ие болды. Юрий Бойко 11,67 пайыз, «Азаматтық позиция» партиясының көшбасшысы Анатолий Гриценко 6,91 пайыз, ІӘБ-ның бұрынғы басшысы Игорь Смешко – 6,04 пайыз, «Радикал» партиясының жетекшісі Олег Ляшко – 5,48 дауыс жинады.