Украинада өткен сайлауда Зеленский жеңіске жетті

222

Украинада президенттік сайлаудың екінші кезеңі аяқталды. 73,2 пайыз электораттың дауысын жинаған шоумен Владимир Зеленский президенттік бәйгеде жеңіске жетті.

Петр Порошенкоға сайлаушылардың 25,3 пайызы дауыс берген. Ұлттық exit poll-дың алғашқы нәтижелері осындай.

Владимир Зеленский, үміткер: «Анама,  жұбайыма, маған сенғен сайлаушыларға алғысым шексіз. Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын».

Халықтың сеніміне ие болған үміткер Владимир Зеленский 41 жаста. Украиналық шоумен, актер әрі режиссер «Квартал-95» студиясының негізін қалаған. Посткеңестік елдерге «Слуга народа» сериалындағы тарих пәнінің мұғалімінен елдің президентіне айналған Василий Голобородько арқылы танымал. Айтқандай, сол образ сайлау кампаниясында кеңінен қолданылды.

Владимир Паниотто, Киевтегі халыраралық әлеуметтану институтының директоры: «Украинада да Голобородьконый образы өз әсері болған шығар. Кқарапайым адам білікті болмаса президент бола алады деген Золушкаға сияқты арманы болар».

Сайлау науқаны кезінде қарсыластары оны «сайқымазақ» деп келеке етті. Алайда әлемге танымал Уинстон Черчиль саяси карьерасын жазушылықтан бастаған. Ал, АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Рейген радиокомментатор, актер болған. Құрама штаттарының қазіргі басшысы Дональд Трамп та «Кандидат» реалити-шоуының атқарушы продюсері әрі жүргізушісі ретінде танымал болды.

Пётр Порошенко, Украина президенті: «Келесі айда президенттік қызметтен кететінім белгілі. Көптің қалауы осы болды, сондықтан бұл шешімді мойындаймын. Мен және менің командам жаңа президентке Украинаның ұлттық мүддесі, оның ішінде НАТО мен Еуроодаққа бағытталған саясатына қатысты жұмысына қол ұшын беруге әзірміз».

1 мамырға дейін Украинаның орталық сайлау комиссиясы елде ұйымдастырылған президенттік сайлаудың екінші кезеңі туралы толық нәтижені жариялайтын болады. 3 маусымға дейін жаңа сайланған Украина президенті Жоғары радада ант қабылдап, президенттік қызметіне кіріспек.

Шынар Оразова