Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339-бабы «Сирек кездесетін, құрып кету қауіпі төнген өсімдіктер мен жануарлармен заңсыз қатынас» бойынша жалпы 8 дерек тіркелген. Бәйдібек ауданында Шымкент қаласының тұрғыны заңсыз, жерде өсіп тұрған қызғалдақтарды жұлып алған жерінен ұсталды.
Тексеру барысында, гүлдер Қызыл кітапқа енген «Грейг» қызғалдағы екендігі анықталады. Қылмысқа күдікті «Грейг қызғалдағын» заңсыз жұлғанын толығымен мойындап отыр. Осы іс бойынша тергеп-тексеру шаралары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар мамыр айының соңына дейін жалғасады.
Түркістан облысының полицейлері тұрақты негізде браконьерлік пен табиғатты қорғау заңнамасы аясындағы басқа да құқықбұзушылық жайттарын анықтау мен жолын кесу мақсатында жедел-профилактикалық және рейдтік «Уылдырық» іс-шарасын жүргізуде. Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық ресурстары мен жануарларды заңсыз аулау, жойылып кету бар өсімдіктерді жұлу заңмен қудаланатынын ескертеді.