«Мүгедектікке шығарып беремін» деп алдап, алаяқтық жасаған күдікті құрықталды

172

Мүгедектікке шығарып беремін деген желеумен тұрғындардың ақшасын жымқырған, Мақтаарал ауданында орын алған алаяқтық қылмысы тіркелді. Тергеу барысында анықталғаны күдікті Мақтааралдың жергілікті тұрғынның үйіне қонаққа барып, жәбірленушінің ұлы орталық аурухананың есебінде тұратынын біліп, сенімдеріне кіріп, мүгедектікке шығарып беремін деп құжаттарымен бірге 140 000 теңге ақшасын алып, бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен иемдену яғни алаяқтық жасаған.

Сонымен қатар, алаяқтық әрекетін одан ары жалғастырып, келесі жәбірленушіден 130 000 теңге ақшасын алып, әдеттегідей мүгедектік зейнетақы алатын етіп жасап беремін деп алдайды. Оған қоса, Өзбекстан Республикасының азаматшасы, бүгінде уақытша Мақтаралда тұрып жатқан әйелдің баласында мүгедектікке шығарып беретінін айтып, сеніміне кіріп, 170 000 теңгесін жымқырады.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аудандық полицейлердің кәсіби шеберлігінің, қырағылығының арқасында жоғарыдағы 3 бірдей жәбірленушілердің арызына орай шұғыл түрде іздестіру шаралары жасалды.

Жедел іздестірудің бір апта көлемінде күдікті ұсталды. Алайда, алаяқтықпен айналысқан азамат 3 жәбірленушіге келтірген шығын көлемін өтеп, арызданушылардың кешіруіне байланысты іс тоқтатылды.

Қылмыстық істі тергеу барысында белгілі болғандай жергілікті тұрғындардың заманға сай дамыған техниканың тілін толық білмейтіндігі, бір көрген яғни дұрыс танымайтын адамға деген сенгіштігі салдарынан, көбіне алаяқтардың алдауына түсіп қалатын көрінеді.

Сондықтан, Түркістан облысы полицейлері алаяқтардың арбауына ермей, кез-келген мәселеңізді заң жүзінде шешіңіздер деп ескертеді. Егерде осындай алаяқтардың қылмысына куә болсаңыз немесе құрбаны болсаңыз «102» шұғыл нөміріне хабар беріңіздер Өйткені дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі