«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында қоғамдық штаб құрылды

125

«Nur Otan» партиясынан сайлауға түсетін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қалалық қоғамдық штабы құрылды. Мобильді үгіт тобы жасақталды. Белсенділер 11- мамырдан бастап үгіттеуге бағытталған іс-шараларын бастайды. Ал штабтың 86 мүшесі бар.

Бәрі дерлік – жергілікті танымалдар. Бұл штаб аталған партиядан түскен кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлау науқанында қолдау жұмысымен айналысады.

Бахадыр Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: “Бұдан бөлек, штаб құрылымында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Қабылдау бөлмесінде кандидаттың сенімді өкілдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, түскен ұсыныстар мен тілектердің сараптамасы негізінде қоғамдық пікірдің мониторингін жүргізеді”.