Түркістан облысында қоғамдық штаб құрылды

110

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 маусым күні Республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Осыған орай, Түркістан облысында құрамына үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялар («Аманат», «Ақжол», «Ауыл») өкілдері, қоғам қайраткерлері, жас мамандар, облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, этно-мәдени бірлестіктердің және білім саласының өкілдері, блогерлер енгізілген, жалпы 58 адамнан тұратын Қоғамдық штаб құрылды.

Облыстық қоғамдық штаб алдағы уақытта облыстағы аудандар мен қалалардағы тұрғындармен кездесіп, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер туралы кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Референдум өткізу ел тағдыры үшін өте үлкен маңызы бар. Сондықтан, баршаңызды мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жаңа бастамаларды қолдап, азаматтық ұстанымдарыңызды білдіру үшін референдумға белсене қатысуға шақырамын.