Шымкент қалалық Полиция департаментінде ашық  тергеу кабинеті ашылды

255

Қазіргі қазақстандық полицияның өзекті міндеттерінің бірі қолжетімділікті, ашықтықты, жеделділікті арттыру және халыққа адал қызмет ету болып табылады. Полицияның қоғам алдында сенімділік ұялату мақсатында азаматтармен кері байланыс орнату қажеттілігіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы айырықша назар аударған болатын.

Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаментінде «Шымкент – Адалдық алаңы» жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 15 мамырда сағат 10-00-де ашық тергеу кабинеттерінің ресми ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Әли Амантайұлы Көмекбаев қатысты.

Бұл кабинеттер «Азаматтар мүддесінде қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасын іске асыру мақсатында ашылып отыр.

Тергеушінің кабинеті бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Бұл камера тәулік бойы болып жатқанның барлығын түсіреді. Ұсталғандардың туыстары жауап алудың қалай өтіп жатқанын көре алады.

Жаңа кабинет полиция жұмысының ашық түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді, жәбірлеуді және де тергеу кезінде заңсыз тәсілдерді қолдануға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жасайтын мүмкіндікті болдырмайды. Осылайша тергеу барысына деген шағымдардың саны азайтылады деген сенімдеміз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі