Úı ANONS Шымкентте Американың бірегей көрмесі ашылды

Шымкентте Американың бірегей көрмесі ашылды

Америка тарихындағы ең маңызды тұлғалар мен оқиғалар енді Шымкентте. Қалада алғаш рет АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Іс-шараға АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Джефф Райденур арнайы келді. Көрмеде қандай құнды деректер ұсынылды?

 

Америка тарихынан сыр шертетін ерекше көрме осындай әсем әуенмен ашылды. Флейтадағы шығарма қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Экспозицияда АҚШ-тың қалыптасу тарихын баяндайтын 80-нен астам картина ұсынылған. Келушілер залдардағы QR-код арқылы әрбір туындының тарихы баяндалатын арнайы бейнематериалдарды да тамашалай алады. Немесе  ал еріктілер оларға әр суреттің мазмұнын тарқатып айтып беруге әзір

 

МАҒЖАН ШАЛЫМБАЙ, ЕРІКТІ: «Бүгін суреттегі Бенжамин Фраклин жайлы айтып өтсек. Ол 1706-1790 ж өмір сүрген. Осы АҚШ-тың тарихын 360 градусқа өзгерткен тұлға еді. Ол АҚШ тың декларациясын, конституциясын және Франциямен одақтастығын келісіміне қол қойған».

 

Бұл бастама жүзеге асып жатқан «American Corner Shymkent» – қаладағы жалғыз осындай ерекше орын. Пушкин атындағы кітапханада орналасқан бұл орталық тұрғындарға тегін ағылшын тілін үйретеді. Тілді тез әрі тиімді меңгеру үшін сол елдің мәдениеті мен тарихын білу маңызды екені ескеріліп, бұл бағытта түрлі мәдени шаралар жиі ұйымдастырылады. Ал көрме жалпы 3 бөлімге бөлінген. Атап айтқанда, «АҚШ-тың негізін қалаушы қайраткерлердің портреттері», «Америка революциясының әйелдері» және «Негізгі тарихи оқиғалар» атты маңызды бөлімдер қамтылған.

 

ЭЛИНА ҚАДІРОВА, AMERICAN CORNER SHYMKENT КООРДИНАТОРЫ: «Көрмеге қойылған туындылардың барлығы Вашингтон қаласынан арнайы жеткізілді. Біз үшін бұл – үлкен мәртебе. Себебі бұл көрме алғаш рет біздің кітапханада АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен өтіп жатыр. Бұған дейін көрме Ә. Қастеев атындағы музейде ұйымдастырылған болатын».

 

Көрменің ашылуына АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі Бас консул орынбасары Джефф Райденур арнайы қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай мәдени-ағартушылық жобалар Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді дейді.

 

МӨЛДІР УБАЙДУЛЛАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Енді осы Американың 250 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарамыз. Бүгін осы екі елдің арасындағы мәдени ағартушылық қарым қатынас нығайта түседі деп ойлаймыз және де болашақта екі елдің достығы үшін біз барлық жаңағы мәдени ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жалғастыру беретін боламыз.

 

Тарихи көрме шілденің 31-іне дейін көпшілік үшін ашық. Ұйымдастырушылар қаламыздың әрбір тұрғыны мен қонағын осы танымдық шараға келіп, ерекше экспозицияны өз көзімен көруге шақырады. Айта кетейік, көрме туралы толық ақпаратты Broadway House ұйымының ресми сайтынан немесе экспозиция залдарындағы QR-код арқылы да оңай алуға болады.

Ботакөз Әнуар