Úı ANONS Терезеден лақтырылған құрылыс қоқысы сотқа алып келді

Терезеден лақтырылған құрылыс қоқысы сотқа алып келді

Фото: tengrinews.kz
 Сарысу аудандық соты ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісі бойынша Жаңатас қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі).  2026 жылдың маусымында ер адам үйінде болған кезде құрылыс қалдықтарын 4-ші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен іргелес қоғамдық аумаққа тастап, қоғамдық орынды ластады.
 Кінә хаттамамен, бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматшаның арызымен және полиция қызметкерінің баянатымен расталды.
Тиісті хабарламаға қарамастан, азамат сотқа келмеді, осыған байланысты іс оның қатысуынсыз қаралды.  ӘҚБтК 434-2-бабы 1-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды не 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды көздейді. Іс бойынша жөңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
 Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 43 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сот қоршаған ортаға ұқыпты қарау әрбір азаматтың міндеті екенін және оның ластануы заң бойынша жауапкершілікті көздейтінін еске салады.  Қаулы заңды күшіне енді.