Úı ANONS Аптап ыстықта электр жүктемесі артты

Аптап ыстықта электр жүктемесі артты

Шымкентте аптап ыстық электр желілеріне салмақ салды. Ауа температурасы 40 градустан асқанда бірқатар ықшам ауданда жарық сөніп, кей трансформаторларда өрт шықты. Мамандар бұған не себеп дейді? Қала электр энергиясын қайдан алады және мәселені шешу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

 

Шымкентте ауа температурасы 40 градустан асқанда кей ықшам ауданда жарық өшіп қалды. Кей жерлерде трасформатордан өрт шықты. Аптап ыстықта жарықтың сөніп қала бергеніне ашынған тұрғындар біразы  әлеуметтік желі арқылы шағымданып жатты.

 

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, Шымкентте орташа есеппен күніне әр жерде 4-5 рет жарық өшуі тіркеледі. Оның себебі тек ауа-райына байланысты емес. Басты себебі – басқада. Мысалы, қалада энергия шығаратын бір ғана мекеме бар. Оның орташа қуаттылығы 130 мегабайт. Ал тұтыну көлемі одан шамамен 4 есе артық.

 

РИЗАБЕК МЕҢДІҚҰЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Біздің қаланың қажеттілігі пик кезінде жаздыгүні 630 мегабайтты құрайды. Орташа саны 430-440 мегабайтты құрайды. Қалған мегабаттарды Екібастұздан, Шардарадан, Жамбылдан аламыз».

 

Қалаға энергия жеткізетін, тасымалдайтын мекемелер бар. Ақау энергия өндіретін, тасымалдайтын мекемелерден шығуы мүмкін. Одан бөлек электр желілері немесе трансформаторлар бұзылады. Ал соңғы кезде жарықтың жиі сөнуі ауа-райынан болған. Нақтырақ айтқанда, электр энергиясын тұтынушылар көбейіп, желілері мен трансформаторлар істен шыққан.

 

РИЗАБЕК МЕҢДІҚҰЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жалпы орташа қажеттілігі 440 мегабайт. Қала бойынша. Осындай кезде ауа-райына байланысты пик 630 мегабайтқа жетті. Өткен жылы 550 мегабайт болды. Осыны біліп қала басшысымен қосымша трасформатор қостық. Ол қалаға 125 мегабайт алып келеді».

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы қалада күніне 12 рет жарықтың өшуі тіркелген. Жыл сайын оның саны азайып, дерлік үш есеге азайған.

Дилара Иса