Úı ANONS «Қабырғалары жаралып жатыр»

«Қабырғалары жаралып жатыр»

Екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген тұрғын үйдің жертөлесін су басқан. Тұрғындар қабырғалар жарылып, үй шөгіп жатыр деп алаңдайды. Ал құрылыс компаниясы кемшілікті мойындап, мәселені он күнде шешуге уәде берді. «Құлагер» тұрғын үй кешеніндегі дау қалай аяқталады?

 

Бұл – «Құлагер» тұрғын үй кешенінің жертөлесі. Бар болғаны екі жыл бұрын пайдалануға берілген көпқабатты үйдің жертөлесін су басып тұр. Тұрғындардың айтуынша, күз бен қыс мезгілінде су деңгейі бұдан да көтеріледі. Олар ылғалдың салдарынан ғимарат шөгіп, қабырғаларда жарықтар пайда болғанын айтады.

 

ГҮЛНҰР ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ, ҮЙ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: «Отырып жатыр. 7-8 сантиметрге дейін отырады. Өйткені, 2 жыл болды алғанымызға, көктем-күзде фасадты дұрыстап шығып жатыр қайта-қайта.  Трешина болып жатыр. Қабырғаларының барлығындағы кетіп жатыр. Мынау  жөндеу жұмыстарының бәрі быт-шыт болып жатыр десек, ол үй отырады 5 жылға дейін солай болады. Ол нормально дейді. 14-этаждарда вытяшкалар болады ғой жаңбырдың суы жиналатын ары ағып кететін. Солардан су кетеді».

Жертөледегі су – тұрғындарды алаңдатқан жалғыз мәселе емес. Олардың сөзінше, қабырғалар жарылып, сылақтары түсіп жатыр. Сондай-ақ, жоғарғы қабаттардан аққан су төменгі пәтерлерге дейін жетеді. Ал төртінші қабаттағы кіреберіс есігінің әйнегі көшіп келгеннен бері орнатылмағандықтан, қыста суық пен жел кіріп, қолайсыздық туғызады. Ай сайын ипотека төлеп отырған тұрғындар үйдің қауіпсіздігіне алаңдайды.

 

АҚБОТА САҒЫНДЫҚОВА, ТҰРҒЫН: «9 этаждан кеткен су бүкіл үйімізді басып жатыр. Ол жағы бар. Біз көшіп келгелі осы 4 этажда осы есіктің стеклосы жоқ. Мүлде қойылмаған. Қыстың күні уілдеп суық кіреді. Жел болса тақырлаған дыбыс. Не тыныштық жоқ. Қойдыру туралы талай рет айтылды КСК-ға бірақ нәтиже жоқ».

Тұрғындардың шағымынан құрылыс компаниясы да хабардар. Компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс барысында мердігерлердің жіберген кемшіліктері анықталған. Қазір жертөледегі су мәселесін шешу үшін гидрооқшаулау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

 

АЙДАР САТТАРОВ, «OTAU GROUP» ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОМЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: «Біздің компанияның да мердігерлері бар ғой. 1-2 жауапты еместері бар. Солардың жұмысын қайтып жөндеп біз қазір бір рет жақсылап гидроизоляция жасалса ол қайталанбайды. Жертөлеге су өту мәселесі бойынша біз құрылысшылармен жиналыс өткіздік. Ол 10 күннің ішінде жабылады ол тема».

 

Құрылыс компаниясы мәселені шешеміз дейді. Ал тұрғындар уәде орындалмаған жағдайда құзырлы мемлекеттік органдарға ресми шағым түсіретіндерін айтады.

Дилара Иса