Студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде 4 оқытушы жұмыссыз қалды

559

«Адалдық алаңының» бастамасымен жүргізілген сауалнама Шымкенттің 9 бірдей университетінде өткізілген еді. Алғаш рет жасалған анкетада ұстаздардың жемқорлыққа алыс-жақындығы анықталды. Нәтижесінде дәметкіш педагогтар әшкере болып, қызметінен босатылды.

«Жақсы баға алу үшін беруші едім». Аты-жөнін айтудан бас тартқан бұл бойжеткен қаламыздағы оқу орындарының бірінде білім алады. Сөзінше студенттерге қойылатын бағаның да бағасы бар. Баллдық көрсеткіштердің 2000 теңгеден басталатынын мойындаған шәкірт бір бұл ғана емес.

“Сессияның ақшасын жабу үшін 5 – ке шығу үшін, сондай көп жерлерде кездеседі. 2000 теңгеден басталады. Үш түспеу үшін жасайды. Стипендиясынан айырылып қалмау үшін жасайды».

Бұл тілшілердің жинаған сауалнамасының нәтижесі. Дәл осындай сұрақ-жауапты анонимді түрде «Адалдық алаңы» да өткізді. Тұңғыш рет жасалған тестілеу 9 университетте ұйымдастырылған. Оған Шымкенттің 1700 студенті қатысыпты. Нәтижесінде 9 педагогтың бармақ басты, көз қысты әрекетке бейім екендігі анықталып отыр. Соның төртеуі жұмыстан қуылған.

Ерасыл Төлебаев, «Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі: «Оның үшеуі Силк уэй университеті, біреуі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы”.

Дәметкіш ұстаздардың бағаға қояр бағасы 500 теңгеден басталып, 30000 теңгеге дейін өсіп отырған. Ал студенттер шындығына университет әкімшілігі бірден сенбеген сыңайлы. Жоғарғы оқу орны екінші рет жүргізілген тестілеу нәтижесінде ғана педагогтарға шара қолданған. Мұндай сауалнама жазғы сессиядан соң тағы да жүргізілетін болады.

Назерке Үкібасова