Павлов көшесінің тұрғындары 20 жыл күткен көпірге қол жеткізді. Апта бұрын арнамызға базынасын айтқан бұқара бүгін сүйінші жаңалығымен бөлісті. Жылдар бойы жөндеу көрмеген өткелдің орнына жаңа көпір салынып жатыр.
Одан бөлек бұзақылар ордасына айналған бұл жерде күтім көрмеген ағаштар да қолға алына бастаған. Осыған куә болған ел ауланың да көріктене түскеніне дән риза.
Назерке Үкібасова