Úı ANONS Кінәсіздік презумпциясы

Кінәсіздік презумпциясы

фото pkzsk.info
Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 68 жастағы зейнеткерге қатысты ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі). Полиция қызметкері құрастырған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Б. дүкеннің жанында темекі тұқылын тастап, ортақ пайдаланылатын орынды ластаған.
Сотта Б. өзінің жұмыс орнында болғанын, яғни қосымша табыс табу мақсатында дүкен ғимаратында сылақ жұмыстарын орындағанын түсіндірді. Темекісін шегіп болған соң, тұқылды баспалдақ алаңын жөндеу кезінде пайдаланған цемент ерітіндісі құйылған ыдысқа тастағанын, жерге тастамағанын айтты.
ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуды көздейді. Сот Б.-ның темекісін шегіп болғаннан кейін тұқылды цемент ерітіндісі құйылған ыдысқа тастағаны көрінетін бейнежазбаны зерттеп, оның кінәсі дәлелденбеген деген қорытындыға келді.
ӘҚБтК-нің 10-бабына (Кінәсіздік презумпциясы) сәйкес, кінәлілікке келтірілген кез келген күмәндар өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның пайдасына түсіндіріледі.Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша өндіріс тоқтатылды.