Шымкенттік кардиологтар қала тұрғындарын қаладағы саябақта қабылдайды. Дүниежүзілік артериалды гипертониямен күрес күні онкүндігі аясында Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында 22 мамыр күні сағат 15:00-18:00 аралығында «Орталық» саябақта «Өз қан қысымыңды біл!» ұранымен кең көлемді акция өтеді.
Акция барысында қала тұрғындары қан қысымын, қандағы қант құрамын және кардиологтың қабылдауынан өте алады.