Арнайы автокеруеннің алғашқы легі Шымкентте

104

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Арыс, біз біргеміз!» атты гуманитарлық көмек автокеруенінің алғашқы легі Шымкент қаласына келіп жетті.

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелерден жасақталған керуенде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев, ректор кеңесшісі Ермек Сқақов, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов, Құрманғазы оркестрінің директор орынбасары Мұхамбет Ешмұханов, Мемлекеттік архив директоры Арнұр Қарымсақовтар бастады.

Сонымен қатар, топ құрамында елімізге белгілі өнер саңлақтары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Еркін Шүкіман, Асылбек Боранбай, Нүркен Әшіров, консерватория профессоры, Мәдениет қайраткері Ерсайын Басықара тағы да басқа өкілдер бар.

Жанар Есенбекова