Шымкентте 160 аялдама орнатылады

661

Шымкент қаласына жаңадан қосылған елді мекендерді қалаға жақындату жұмысы жалғасып жатыр. Қала бюджетінен биыл 70 млн. теңге қаражат бөлініп, 160 аялдама орнатылуда.

Әрқайсысының құны 480 мың теңгеге бағаланған аялдамалардың көлемі 18 шаршы метр темір каркастан тұрғызылады. Сала мамандарының айтуынша Шымкент қаласында соңғы жылдар үш түрлі аялдаманың эскизі жиі пайдаланылады екен. Мердігерлер жұмысты маусым айында аяқтайды.

Нұрлан Күдерұлы