Шымкентте аялдамалардағы жарықшамдарды қиып, терезелерін сындырып, тіпті автобус бағыттары жазылған бағыттауышты жыртып кету дерегі тоқтамай жатыр. Әкімдік полицияға бұл туралы ақпарат берген. Қазірше тәртіп бұзушылар анықталмаған.
Шымкентте соңғы екі аптада тағы 75 аялдаманы бүлдіріп кетті. Бірінің жарықшам желісін үзіп тастаса, бірінің терезесін шағып кеткен. Енді бірінің атауын сындырып, қоғамдық көліктердің жүру бағыты жазылған бағыттауышты жұлып алған.
Бұл Ерімбетов көшсіндегі №60 балабақшасы аялдамасы. Мұнда әлдебіреулер жарықшамын қиып кеткен. Бағыттау құралын жұлып қана қоймай, жыртып тастаған. Бірақ оны кім, неге, қандай мақсатта жасағаны белгісіз.
Ердәуіт Асылбек, қалалық жолаушылар көлігі және астомобиль жолдары басқармасының бас маманы: «Көбіне мынадай навигаторлар орнатқанбыз… анықталып отыр. Мұның зардабы ертең тоқ үзілген жағдайда.. мүмкін».
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мұны қаскүнемдік деп бағалады. Пікірінше, бұл қасақана жасалған әрекет. Себебі аялдамаларды жарықтандыру жұмысы ел игілігі үшін, халыққа қолайлы, әрі ыңғайлы болуы үшін жасалып жатыр. Ал оны еш себепсіз бей-берекет бүлдіру, ақылға сыймайды.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Алайда осы аялдамалардағы жарық желілерін қырқу, ортақ мүлікке зиян келтіру вандализм фактілері жиілеп тұрғанын айту керек. Жыл басынан бері 175 аялдаманың жарықшамдары зақымданды. Тоқ көзінен кесілді. Қазіргі уақытта олардың бәрі қайта қалпына келтірілсе де тағы 70 аялдаманы қалпына келтірілген тлоқ көзінен ажыратып кетті. Ажыратқанда жәй ғана алады да қиып кетеді. Біз енді полиция департаментіне жолдадық. Дегенмен мұны көріп жатқан, көзі шалып жатқан адам болса міндетті түрде видеотүсірілім жасап, жолдаса екен. Және мұндай істерге жол бермесе екен дейміз болашақта».
Айта кетейік, аялдамаларды жарықтандыру ісі өткен жылы қолға алынған. Өткен жылмен қосқанда қаладағы 1400-ге жуық аялдамаға жарық тартылып, атаулары орнатылған.
Дилара Иса






