Тоқымашы Тохташ Кулиеваны қала әкімдігі ұмыт қалдырмайтын болды

266
Тохташ Кулиева, тыл еңбеккері

Тохташ әжейдің жергілікті биліктегілерге өкпесі қара қазандай.

«Қарттарымыз қамқорлыққа бөленген» деп ұрандатқан атқамінерлер айтулы мерекелерде уақыт тауып, көңіл бөлсе, төбем көкке жетер еді ғой дейді тыл еңбеккері. «Жоқ  күнде келмей-ақ қойсын. Мерекелерде келіп, апа қалай жағдайыңыз деп амандығымымды білсе қайда жүр? Үйде болмай қалсам, телефоным бар, көршілерім бар. Қала, аудан әкімдіктеріне бірнеше рет бардым. Енді бармаймын. Қартайған шағымызда жылы сөз бен құрметтен басқа  ешнәрсе керек емес бізге».

Еңбеккердің құрметке лайықты екеніне мына марапаттар дәлел. Тоқымашының жұмысқа деген ынтасы елеусіз қалмады.

Тохташ апа Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері

Шеберлігі үшін 1971 жылы Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиуымының Жарлығымен Тохташ Кулиева Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталды. Бес жылдықтың қорытындысымен өндіріс озатына кезекті рет Еңбек Қызыл Ту ордені табыс етілді. Бесжылдық тапсырмаларды кезеңінен бұрын орындаған Тохташ Алеасқарқызының есімі 1981 жылы Қазақ Социалистік Кеңес Одағының Алтын Құрмет кітабына енгізілген.

Тохташ Кулиеваның есімі Алтын Құрмет кітабына енгізілген

Осындай дәрежеге жеткен апамыздың 85 жылдық мерейтойы елеусіз қалғаны, өкінішті-ақ.

Жасы келсе де апамыз тың, қимылы ширақ. Шұбарсу саяжайында тұратын жалғыз баласына қонаққа барғанды жақсы көреді. Коммуналдық төлемдер, азық- түлік, балалардың оқуы ақ жаулықты ананың мойнында. Көпті көрген әжей өмірдегі басты құныдылық сыйластық дейді. Абай ауданы әкімдігіндегілер іскер апамызды енді ұмытпайды. Ұмытуға туыстары жол бермейді.

Санжар Тасқынбайұлы, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Ауданымызда 13  ҰОС ардагері мен  1503 тыл еңбеккері бар. Тохташ Кулиеваны қала күні мерекесіне шақырамыз. Сый сияпатын береміз».

Абай ауданы әкімдігі әжейдің денсаулығын сауықтыру үшін  тиісті  жолдамаға қалалық әлеуметтік бағдарламалар және әлеуметтік қорғау  басқармасына хат  жіберетін болды.

Шынар Оразова