Арыстағы жарылыстың алдын ала себептері аталды

190

Бас әскери прокуратура басшысының орынбасары Дархан Ержанов құқық қорғау органдары Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қандай нұсқалар қаралып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазіргі уақытта алдын ала нұсқалар қаралып жатыр, оның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтамауда бар. Бұл электр сымдарының қысқа тұйықталуы немесе тез тұтанғыш заттардың өртенуі: қураған ағаштар, жанар-жағар май  материалдары, сондай-ақ – лауазымды қызметтегі тұлғаларадың салғырттығы және басқалары. Сондай-ақ оқ-дәрілері бар қоймалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі тексеріледі, жарылғыш заттардың дұрыс жиналуы, қоймаларда анықталған бұзушылықтарды дер кезінде жоюы. Егер олай болмаса, онда жекелеген әскери қызметшілердің әрекетсіздігі туралы мәселе туындайды», – деді Дархан Ержанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Арыстағы жарылыстарға байланысты 100-ден аса адамнан сұрау алынған.  Ол Арыс қаласындағы оқ-дәрілердің жарылысы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«ҚР қылмыстық кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес «абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет, Қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен, радиоактивтi материалдармен, жарылғыш немесе айналасындағыларға аса қауіп төндіретін өзге де заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу» бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы дерекке қатысты ІІМ тәжірибелі мамандарынан жасақталған жедел тергеу тобы құрылды», – деді Ержанов.