Кентауда орын алған жарылыстан зардап шеккен бір азамат Шымкентте ем алып жатыр. Қазіргі таңда, 23 жастағы науқастың жағдайы қанағаттанарлық дейді дәрігерлер. Айтуларынша, зардап шегуші орташа ауыр күйде 3 қаңтар күні ауруханаға жеткізілген.
3 қаңтар күні Кентаудағы жарылыстан зардап шеккен 2003 жылғы науқас Шымкентке шұғыл түрді жеткізілген. Оның денесін күйік шалып, жағдайы орташа деп бағаланған. Қазіргі таңда ақ халаттылардың араша болуымен жағдайы тұрақталды дейді.
Сонымен қатар, дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір науқас Түркістан облысында жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтар күні қоғамдық тамақтану орны орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шықты. Салдарынан 18 жастағы студент көз жұмса, 4 адам жараланған еді. Олардың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұргүл Жолымбетова






