«Ордабасы» грузиялық «Торпедоны» қабылдайды

187

Бүгін Шымкенттің орталық алаңында Евролиганың іріктеу кезеңі аясындағы матч өтеді. «Ордабасы» клубы грузиялық «Торпедоны» қабылдайды. Ойын алдында қос команданың бапкерлері шымкенттік тілшілерге сұқбат берді.

2018 жылғы ел чемпионатында ордабасылықтар қола медальға ие болып, Еуропа деңгейіндегі ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болған еді. Алайда, қаржылай қиындықтарға байланысты «Ордабасы» командасы ол додаға қатыса алмады. Жерлестеріміздің биылғы мұраты мығым. Іріктеудің алғашқы сынағынан сүрінбейміз деп отыр. Оның үстіне грузиялық «Торпедо» қаржылай қиындықтарға тап болып, командадан 12 ойыншы кетіп қалған.

Шымкентке қонақтар жаңа құраммен келіп отыр. Сондықтан, алаң қожайындары бүгінгі кездесуді өз пайдасына шешу ықтималы жоғары. Қажымұқан атындағы орталық стадионда 20:00 – де басталады. Грузиндік қос бапкердің шәкірттері ойнайтын матчқа билет құны 500 теңге. Бүгін орталық стадионның алдында он касса жұмыс істейтін болады.

Кахабер Цхахадзе, «Ордабасы» ФК бас бапкері: «Торпедо» жайында көп мәлімет білмеймін. Алайда, қаржылай қиындықтары бар деп естідік. Команда құрамы жаңарған. Ал біз керісінше, жыл басында жасақтаған командамен шығамыз. Бұл біз үшін қолайлы. Бүгін тек жеңуге ниеттіміз».

Сарбиназ Алдабергенова