Түркістан облысында сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі

357

Алдағы 3 күнде  Оңтүстікте жауын-шашын болмайды, ыстық ауа райы сақталады,- деп хабарлайда Қазгидромет.

Шымкентте бүгін 38 градус болса, өңіріміздегі құмды аудандарда Арыс, Шардара, Отырар ауданында сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Ең салқын ауа райы Шуылдақ стансасында, мұнда ауа температурасы күндіз 25 градус жылы болса, түнде сынап бағансы 12 градус.

Әсем Нұрлыбаева, инженер-синоптик

Әсем Нұрлыбаева, инженер-синоптик: «Кеше Шымкентте ауа райы 37 градус болса, бүгін 38 градусқа көтерілді. Ертең 38-40 градус аралығында болады. Түлкібас пен Төлеби аудандарында сынап бағанасы 33-34 градус төңірегінде болады. Түркістанда сынап бағанасы  40 градустан асады».

Шынар Оразова