Дәрілік заттарды босатудың өзекті мәселелері бойынша семинар өткізілді

393

Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде «Дәрілік заттарды босатудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Шымкент қаласының медициналық ұйымдарының бас дәрігердің медицина ісі жөніндегі орынбасарлары және провизорлар қатысты.

Семинар барысында департамент басшысы және басшы орынбасары баяндама жасап, дәрілік заттарды рецептуралық босатудың өзекті мәселелері, сонымен қатар, рецептісіз босатылатын дәрілік заттар тізбесін кеңейтуге қатысты нормативтік-құқықтық заңнамадағы  өзгерістер, дәріханалық ұйымдардың электрондық денсаулық сақтауға ауысуы туралы түсіндіріп өтті.

Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:
Дәрілік заттарды рецептуралық босатудың өзекті мәселелері.
Рецептуралық дәрілік заттарды дұрыс босату дәріханалық және медициналық қызметкерлер үшін ең өзекті және проблемалы тақырыптардың бірі болып қала береді.
Қазіргі уақытта кез келген дәріханада дәрігердің рецептісі арқылы босатылатын дәрілік заттарды, рецептісіз сатып алуға болатын жағдай қалыптасқан.
Осы ретте, медицина және фармацевтика қызметкерлері дәрігердің рецептісі арқылы босатылатын дәрілік заттарды босату Ережелері бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажет.

Бұл, Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды рецептуралық өткізу Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығымен бекітілген «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау» қағидаларымен регламенттеледі. Бланкіде жазылған рецепт дәрігердің тағайындауын растайтын заңды құжат болып табылады.

Осыған байланысты, медицина және фармацевтика қызметкерлері дәрілік заттардың этикалық ілгерілеуін сақтауы тиіс.

Рецептісіз босатылатын дәрілік заттар тізбесін кеңейтуге қатысты нормативтік-құқықтық заңнамадағы  өзгерістер.

2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 7770 дәрілік зат тіркелген, оның ішінде дәрігердің рецептісі бойынша – 6016 (ҚР – да тіркелген медициналық дәрілік заттар – 77%), рецептісіз-1754.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі сайтта «дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықты жариялады.

Рецептісіз босатылатын дәрілік заттардың тізбесі:
– Ас қорыту жолдары мен зат алмасу ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттар:
– Қант диабетін емдеуге, эндокриндік бұзылыстарды түзетуге арналған дәрілік заттар;
– Қан түзуге және қанға әсер ететін дәрілік заттар;
– Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттар;
– Дерматологияда қолданылатын препараттар;
– Несеп-жыныс жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар және жыныстық гормондар;
– Жыныстық гормондар мен инсулиндерді қоспағанда, жүйелік қолдануға арналған гормондар;
– Микробқа қарсы препараттар;
– Ісікке қарсы препараттар;
– Иммуномодуляторлар;
– Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар;
– Паразитке қарсы препараттар, инсектицидтер және репелленттер;
– Тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар;
– Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар;
– Жүйелі қолдануға арналған антигистаминді препараттар;
– Сезім мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған препараттар;
– Басқа препараттар.

Дәріханалық ұйымдардың электрондық денсаулық сақтауға ауысуы.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай – МӘМС) жүйесі енгізілуде. Сонымен қатар, барлық рецептуралық дәрілік заттарды міндетті электрондық босатуға көшу жоспарланған.
Оны іске қосу үшін маңызды құрал- МӘМС жүйесіне қатысушылар арасында жедел ақпарат алмасуды және МӘМС қорының қаржы қаражатын тиімді пайдалануға жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге тиіс ақпараттық жүйе болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қолданыстағы барлық дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттарды босату үшін, дәрілік заттармен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесіне (ИСЛО) интеграциялау жолымен, 2020 жылдан бастап міндетті электрондық босатуға көшуді жоспарлап отыр, халықтың денсаулығы мен адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін дәрілік заттарды қолдануын бақылауды күшейтуге және диспансерлік науқастарды есепке алуды жүргізуге және рецептілердің жазылуын 100% қамтуға мүмкіндік береді.

Дәріханаларда дәрілік заттарды дәрігердің рецептісі бойынша сату ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жаңалығы болып табылмайды. 16 жылдан астам уақыт бойы дәрігердің рецептісі арқылы босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз сатуға тыйым салынған.

Осыған байланысты, Республикалық деңгейде дәріханаларды Бірыңғай бағдарламаға ықпалдастыру жөніндегі пилоттық жоба әзірленуде.
Бүгінгі таңда, ТМККК шеңберінде қызмет көрсетіп жатқан, медициналық ұйымдардағы дәріханалар ИСЛО  жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар, жеке меншік дәріханалық ұйымдардың ИСЛО  жүйесіне қосылуы, электрондық рецептілер арқылы халықтың  дәрілік заттармен қамтамасыз етілуінің қолжетімділігін арттырады. Бұл өз кезегінде  медициналық мекемелердің, фармацевттердің, медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ рецептерді міндетті түрде сақтау жөніндегі мәселені шешеді.

Сондай-ақ, дәріханалар өз бетінше қандай жүйені пайдаланатынын таңдай алады.
Егер де дәріханада өзінің ақпараттық жүйесі болған жағдайда, олар ҚР ДСМ жүйесімен интеграциялау арқылы, дәрігердің жазған рецептісін көруге мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде, дәріханаға келген сатып алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, провизорға/фармацевтке сатып алушының рецептісін электронды түрде көруге мүмкіндік береді.

Дәріхана өз кезегінде, жүйеде рецепт бойынша сатылған дәрілік заттарын белгілеп көрсетеді.

Медициналық ұйымдар жанындағы дәріханаларға тиісті фармацевтикалық практикаларды енгізу.

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 211-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымына тартылған субъектілер тиісті дәріхана практикасының (GPP) талаптарын 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтауы тиіс.