Еліміздің республикалық жолдары 100 пайыз жақсарады

78

Еліміздің республикалық жолдары алты жылда 100 пайыз жақсарады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «DoingBusiness» рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсарту жөнінде баяндаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша министрлік «Инфрақұрылым» факторы үшін жауапты болып табылады. Айтуынша, биыл аймақтардағы жергілікті жолдарды қаржыландыру 200 млрд. теңгеге артты. 2025 жылға дейін облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесін 95 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.