Руслан Жанпеисов Ішкі істер Министрлігін сотқа бермек

227

«Полиция департаменті мен Ішкі істер Министрлігінің әр қадамын аңдимын!» Белгілі видео-блогер Руслан Жанпеисов журналистермен өткен брифингінде осылай мәлімдеме жасады.

Сөзіне сенсек, оған жалған айыптар тағылып, заңсыз тұтқындаған. Тіпті желіге таратқан ақпараттар жаңсақ болып шығыпты. Яғни, ол ешқандай бұзақылық жасап, билік өкіліне тіл тигізбегенін алға тартты. Және бұған дейін сотты болғанымен, олардың жазасын толығымен өтеп шыққан. «Қоғамға қауіпті емес, тиісінше қорғаушымын!», – деген Жанпеисов (Бибарс Раимбеков) келесі қадамы тек Ішкі істер Министрлігіндегі заңсыздықты әшкерелеуге бағытталғанын жасырған жоқ.

Бибарс Раимбеков

«Мені тұтқындағанда олар кәнігі ұялы телефонға түсіріп тұрды, полиция бөлімінде ондай смартфон ұстауға тиым салынған емес пе? Мұнда да заң бұзылып отыр. Еш негізсіз, менің үйімді не үшін тінтіп, тексергенін де Министрлік маған түсіндіріп бере ала ма? Енді осыдан кейін, мен Ішкі істер Министрлігінің әр қадамын аңдимын. Әрбір басқан қадамды видеоға түсіріп, заңсыз әрекеттерді әшкерелеймін. Полиция қызметкерлерінің де қызметі менің жіті бақылауымда болады. Себебі, бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін төлеген салықтарымыз», – дейді Бибарс Раимбеков.

Мөлдір Бекеева