Шымкентте «Таза қала» акциясы бастау алды

425

Бұл туралы бүгін ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Ж.Бектаева мен қалалық «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Ж.Білісбеков арнайы брифингте мәлімеді.

Шымкент қаласындағы жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру мен көріктендіруді мақсат еткен дәстүрлі «Таза қала» акциясы биыл да жалғасын таппақ.

«Таза қала» акциясына Шымкент қаласы аумағында орналасқан қала тұғындары, аула, көше атынан көше комитеттерінің төрағалары қатыса алады.
Акция төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Үздік аула» (әр ауданда 1,2,3 орын, барлығы 12 орын);
2. «Үздік көше» (әр ауданда 1,2,3 орын, барлығы 12 орын);
3. «Үздік аудан»(3 орын);
4. «Үздік учаскелік инспектор» (әр ауданда 3 орын).

Акцияға қатысуға арналған өтінімдер Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары жанынан құрылатын жұмысшы топтарға өткізіледі. Құжаттар 2019 жылдың 21 қазанына дейін қабылданады.

Келіп түскен өтініштерге сәйкес арнайы комиссия 3 күн ішінде үміткерлердің құжаттарымен танысып, жалпы қалалық кезеңге қатысуға жібереді. Бағалау әр позиция бойынша 10 балдық жүйемен бағаланады.

Акцияның жеңімпаздары әр ауданнан 1, 2, 3 орындар бойынша бағалы сыйлықтармен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан мектеп оқушылары мен қоғамдық орында тәртіп сақтау, «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алуда нәтижелі еңбек көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де арнайы бағалы сыйлықтар табысталмақ.

Акцияның жалпы жүлде қоры — 4 млн теңге.