Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен интим-қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздар мен притон ұстайтын жеңгетайларды анықтау мақсатында, Сарыағаш АПБ-ның ЖПҚ УПИ-мен және Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының мамандары бірлесе отырып, қаламыздағы моншалар мен қонақ үйлерді аралап «УЧАСТОК» іс-шарасын жүргізді.
Іс-шара барысында 12 Өзбекстан Республикасының азаматшалары ұсталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 517 бабының 5 бөлігімен хаттама толтырылып, Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.